«6В01402-Дене шынықтыру және бастапқы әскери дайындық» білім бағдарламасының түлегі жалпы білім беретін, мамандандырылған мектеп-интернаттарда және жоғары оқу орнына дейінгі мекемелерде (колледждерде және т.б.) жаттықтырушы, сондай-ақ қалалық, аудандық, республикалық спорт мектептерінде дене шынықтыру пәнінің мұғалімі, бастапқы әскери даярлықты ұйымдастырушы-оқытушы, азаматтық қорғаныс және тіршілік қауіпсіздігі қызметін ұйымдастырушы қызметінде, қауіпсіздік қызметтерінде, ҚР Қарулы Күштерінде, Ішкі және шекара әскерлерінде, ҰҚК және ІІМ органдарында сержанттық және офицерлік құрамында лауазымдарында нұсқаушы болып жұмыс істей алады.
«6В01402 – «Дене шынықтыру және бастапқы әскери дайындық» білім беру бағдарламасы бойынша өтілетін пәндер: «ҚР қарулы күштерінің жалпы әскери жарғылары», «Атыс дайындығы», «Саптық дайындық», Әскери патриоттық тәрбие негіздері», «Гимнастиканы оқыту әдістемесі», «Жүзу оқыту әдістемесімен», «Базалық спорт түрлерін оқыту әдістемесі», «Дене шынықтыру және спорт тарихы», «Оқу орындарында әскери патриоттық клубтар мен спорттық секцияларын ұйымдастыру», «Әскери топография және жергілікті жерді бағдарлау», «Төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс», «Әскери инженерлік дайындық және топография», «Көшбасшылық теориясы», «Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі», «Бастапқы әскери дайындық пәнін оқыту әдістемесі», «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері заманауи ақпараттық технологиялары», «Дене шынықтыру және спорт психологиясы», «Жаңартылған білім мазмұны және критериалды бағалау технологиясы». «Шахмат оқыту әдістемесімен», «Тоғызқұмалақ оқыту әдістемесімен», «Жеңіл атлетика оқыту әдістемесімен», «Бастапқы әскери дайындықтағы құқықтық реттеу», «Әскери ақпараттық қауіпсіздік», «Балалардың инклюзивті дене тәрбиесі», «Бауыржантану», «Емдік дене шынықтыру және массаж», «Баскетбол оқыту әдістемесімен», «Әскерге дейінгі жастардың дене дайындығын жетілдіру», «Футбол оқыту әдістемесімен», «Мини футболды оқыту әдістемесімен», «Волейбол оқыту әдістемесімен», «Самбо және қоян-қолтық ұрыс».
Оқу және педагогикалық, өндірістік практикалар
«6В01402-Дене шынықтыру және бастапқы әскери дайындық» білім бағдарламасына түскен студенттер университетте оқу кезеңінде жалпы білім беретін мектептерде, мамандандырылған және спорт мектептерінде, жоғары оқу орнына дейінгі мекемелерде (колледждерде және т.б.) біріккен қорғаныс істер істер жөніндегі бөлім департаментінде (әскери комиссариат), оқу және өндірістік практикадан өтеді.